"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың балабақшаға бейімделуі» дөңгелек үстел

 

«Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында қыркүйек айында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда ата-аналарға төмендегі мазмұнда кеңестер берілді.

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

- Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

- Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар: - жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді; - орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде; - ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді. Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. - Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал. - Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады. - Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады. - Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет. - Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі дәрумендер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин жақпамаймен сылап тұру қажет. Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететініне сеніңіз.  


Текст