Текст
Бүгін кеңес беру пунктінің жоспарына сәйкес логопед маманы ата-аналарға кеңес берді.
Тақырыбы: "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын ерте диагностикалау және түзету".
Тренинг мақсаты:
- балалардың сөйлеу тілінің дамуының негізгі кезеңдері туралы ата-аналарды ақпараттандыру;
- ерте диагностикалау белгілерімен таныстыру;
- үй жағдайында сөйлеуді дамыту жолдарын көрсету;
- ата-аналар, бала және логопед арасындағы бірлескен жұмыстың маңызын түсіндіру.
