Ата-аналармен бірге бөбекжайға саяхат

Қыркүйек айында бөбекжайымызда ата аналарға арналған консултьциялық пунктерді ұйымдастыру бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған отбасыларды айқындау және консультативтік пунктке шақыру мақсатында ата-аналармен бірге бөбекжайға саяхат жүргізілді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйінде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Ата-аналарға балабақшадағы балалардың өмірі,  режимдік сәттері, ойындар туралы ішкі өмірімен таныстырылады. Басшылардың рұқсатымен ата-аналар топтарға, спортзалға, музыкалық залына, әдістемелік кабинетін,  асхана мен медициналық блокты аралады.