Текст
Қыркүйек айында бөбекжайымызда ата-аналарға арналған консультациялық пунктерді ұйымдастыру бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған отбасыларды айқындау және консультативтік пунктке шақыру мақсатында ата-аналармен бірге бөбекжайға саяхат жүргізілді. Ата-аналар балабақшаның күн тәртібімен және балабақша қызметкерлерінің еңбегімен танысты.
Күн тәртібіне байланысты ұйымдастырылатын барлық кезеңдерге белсене атсалысты. Балабақша қызметкерлерінің балалар үшін жасап жатқан еңбектерінің маңыздылығын түсініп, алғыстарын білдірді.
Ата-аналар әдістемелік кабинетке, медициналық кабинетке, ас блогына, топтарға, спорт залға, музыка залына барды.
