"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпарат

 

Инфекциялық аурудың алдын алу бойынша ата-аналарға арналған

ЖАДНАМА

1. Тұмау белгілері: дене қызуы (жоғары температура), жөтел, тамақ ауруы, суық тию, дененің сырқырауы, бас ауруы, қалтырау және шаршаңқылық байқалатын адамдармен жақын байланысқа түспеңіз.

2. Қолыңызды үнемі жылы ағын сумен сабындап жуыңыз. Арнайы гельдер немесе спирттік негіздегі ылғалды салфеткаларды қолданыңыз.

3. Жабық үй-жайда жаппай іс-шараға барудан аулақ болыңыз.

4. Түшкіру және жөтелу кезінде мұрныңыз бен аузыңызды қол орамалымен жабыңыз.

5. Егер кеш болмаса, екпе салдырыңыз (қорғаныс пайда болғанын ескере отырып 2 аптадан кейін).

6. Егер сіздің дене қызуыңыз көтерілсе, сондай-ақ мұрынның бітелуі, суық тию, тамақ ауруы, сулы диарея (іш өту), қан араласқан қақырық пайда болса

· үйде қалыңыз және адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;

· күндізгі уақытта өзіңіздің аймақтық емханадан дәрігерді үйіңізге шақырыңыз, кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдем шақырыңыз;

· отбасыңыз бен достарыңызға сырқатыңыз туралы хабарлаңыз;

· төсектен тұрмаңыз және күніне кем дегенде 3 литр сұйықтық ішіңіз;

· дәке немесе бір реттік бетперде киіп жүріңіз, оны әрбір 2 сағат сайын ауыстырыңыз.

7. Профилактика мақсатында

· таза ауада көп серуендеңіз;

· көпшілік іс-шаралардан алшақ болыңыз;

· дұрыс тамақтаныңыз, дәрумендерді, әсіресе С дәрумендерін (жемістер, көгөністер, шырын) жеткілікті деңгейде тұтыныңыз;

· тамаққа сарымсақ пен пиязды қолданыңыз.

Жаңартылған күні: 05.08.2016 14:23
Құрылған күні: 14.12.2020 09:47

Текст