Ұстаздар күні қарсаңында бөбекжайымыздың әдіскері ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, Қосшы қаласы әкімі және Кәсіподақ төрағасы Идрисова Асель Ханатовнаны білім беру жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі және салалық кәсіподақ қозғалысын дамытуға зор үлес қосқаны үшін “Құрмет Грамотасы” мен мараппаттады. Құттықтаймыз!
🌷🌷🌷🌷🌷🌷
Құрметті: Асель Ханатовна!
Ұрпақ тәрбиесі -ұстазға байланысты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындап,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарыту,адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек.
Сіздің ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, “Ұстаздар күні” мерекесімен сізді құттықтаймыз. Қоғам мен адамзат алдындағы, соның ішіндегі бөбекжайымыздың гүлденуі мен көркеюі үшін жасап келе жатырған еңбегіңіз үшін сізге мың алғыс.Өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі өрелі жұмыстарыңызға абыройлы толымды табыс тілей отырып, тәп-тәтті бүлдіршіндердің алғысын алып жүре беріңіз демекпіз.Деніңізге саулық, басыңызға амандық, сәттілік тілейміз. Мерекеңіз құтты болсын!