Текст
Бөбекжайда желтоқсанның 25-27 күндері топтар арасында жаңа жылға арналған ертеңгіліктер өткізілді. Мереке қарсаңында бөбекжай әуен залы безендіріліп, шырша құрылды. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Балалар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар балаларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Ертеңгіліктер «өте жақсы» деңгейде өтті.