"Сұлу-Ай" МКҚК бөбекжайында сәуірдің 4 күні, сағат 13.30 де мобильді топтың жоспарына сәйкес "Авторлық бағдарлама жасаудың жолдары" бойынша кеңес берілді. Кеңесті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты,Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының КОРРЕСПОНДЕНТ МҮШЕСІ. ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің және Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр шапағаты” медалінің иегері, «Еуразия ұлтты университетінің үздік тәлімгері- 2013», ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2016 ж., «Егемен елдің 100 қайраткері» энциклопедиясына енгізілген ғалым - Жумабекова Фатима Ниязбекызы озық іс-тәжірибе насихаттау және оқу әдістемелік құралдар дайындаудың ерекшеліктері туралы кеңес берді.
Ал, балабақша педагогтары М.Елікжан, С.Ш.Жуманазарова кеңесте өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен пікір алмасты.