Текст
⚜️Ө. Тұрманжанов айтқандай:
«Сүйейік, табиғатты аялайық, Біз де одан жақсылықты аямайық» деп табиғатты әр қашан аялайық!
🪴Сенбілік – тазалық, тәртіп және жақсы көңіл-күй мерекесі. Ортақ күш-жігермен жергілікті аумақты тез арада ретке келтіруге болады. Бөбекжайымыздың қызметкерлері жұмыс құрал-саймандарын, сыпырғыштар мен тырмаларды бірге бөліп, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Шөптер мен жапырақтарды, тұрмыстық қоқыстарды алып тастап, бөбекжайымыздың айналасын жинады.
Бұл шара әр тұлғаның табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауыл, қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.