"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құзіреттілік орталықтың жоспары бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Балабақшаға арналған ұлттық құндылықтар жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01.12.2025

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық тәрбие мазмұнын күшейту, құндылыққа негізделген тәрбиелік орта қалыптастыру және педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды. «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын мектепке дейінгі тәрбие үдерісіне енгізу бойынша тәжірибе алмасу.

Перагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, бірлескен жұмыс жүйесін қалыптастыру.

Келген әріптестер балабақшадағы ұлттық құндылықтар жөнінде өз ойларын ортаға салып, белсене қатысты.    Бұл семинарға білім беру бөлімнің әдіскері,  10 балабақшадан  2 әдіскер мен 10 тәрбиеші қатысты, оның  80 %  жас мамандар. Былтырғы жылмен салыстырғанда құзіреттілік орталығының шараларына жас мамандарды тарту жолға қойылды. Әр жас маман осындай шаралаға қатысып, тәжірибе алып әдістемелік білімдерін көтеріп отыр.

Хопаш Айбөбек келген қонақтармен қызықты тренинг өткізді. Тәрбиешілер Темешева Эльмира Манатовна мен Рамазанова Ботагоз Сарсенбиновна слайдпен ұлттық құндылықтар туралы бейнежазбалар  көрсетіп, тақырыпты ауқымды ашуға тапсырмалар беріп өзара сайыс өткізе отырып сұрақ–жауап алды. Тәрбиешілері Оспанова Самал Маратқызы мен Досанбек Касира көрмедегі ойындармен таныстыра кетті. Келген әрәптестерге  шебер сынып көрсетіп, ұсынылған ойындар балалардың зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды, сөйлеу тілін дамытуды, шығармашылық дамуды жетілдіру, эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда үлкен көмек екенін көрсетті.

“Қазандақ” ойыны тәрбиешілерге ерекше ұнады.

Мақсатты: балалардың сөздік қорын дамыту, түсті тану машығын жетілдіру, асықтардың түстерін ажырата отырып  бала шапшаңдықа ойын арқылы жеткізеді.

Дөңгелек үстелге келген әріптестер тәжірибе алмасып өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде  ұйымдастырылды және өз  мақсатына жетті.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст