"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

29.04.2026

#ДҮНИЕЖҮЗІЛІКЕҢБЕКТІҚОРҒАУ

«Сұлу-Ай» бөбекжайы МҚКҚ  28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай балабақша қызметкерлерімен танымдық және түсіндіру бағытындағы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, жұмыс орнында жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету маңыздылығын арттыру болды.
Шара барысында кәсіподақ төреайымы мен жауапты мамандар еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлерге арнайы дайындалған нұсқаулықтар таратылып, көрнекі материалдар арқылы қауіпсіздік талаптары кеңінен таныстырылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған сұрақ-жауап, ситуациялық жағдаяттардан шығу туралы практикалық жұмыстар және пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара соңында еңбек қауіпсіздігін сақтау – әрбір қызметкердің басты міндеті екені атап өтіліп, қорытынды ұсыныстар берілді.
Өткізілген іс-шара ұжым мүшелерінің еңбекті қорғау саласындағы білімін арттырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін күшейтуге өз ықпалын тигізді.

Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст