"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Эко бала – табиғаттың досы»

19.05.2026

Бүгін Тайтөе ауылы МКҚК “Сұлу- Ай” бөбекжайында «Эко бала – табиғаттың досы» атты жобасы аясында семинар өткізілді. 
Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Эко бала – табиғаттың досы» атты танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Жасыл бақтың» ашылуы өтіп, жылыжай және жазғы сауықтыру алаңын безендіру бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды.

Семинар аясында қатысушылар жылыжайдағы көкөніс пен гүл көшеттерін өсіру жұмыстарымен танысып, өсімдіктерді күтіп-баптау жолдары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, жазғы сауықтыру маусымына арналған демалыс аймағын көркейту, гүлзарлар орналастыру және экологиялық таза ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстар көрсетіліп, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Балалар табиғатты қорғау тақырыбында өз ойларын ортаға салып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. «Жасыл бақ» аумағында 40 түп ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызылып, қатысушылар табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.

Просмотров: 968


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст