Текст
Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
1 қазан – қарттар күні!
Бүгін бөбекжай тәрбиеленушілері қарттарды мерекелерімен құттықтады. Салтанатты мерекені бөбекжай меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Х.Идрисова құттықтау сөзімен бастады. Қарттарымыз мерекелік жақсы көңіл-күйде болып, балалармен педагогтарға алғыс ретінде батасын берді.