2023 жылдың 3ақпан күні «Ойын арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Әр түрлі ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімділігін дамыту. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Мейрманова Гауһар Кабжаппаровна және басқа балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілер келіп қатысты.
Семинарда 4 тәрбиеші және 2 педагог өздерінің шеберліктерін көрсетті. Педагогтар алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін ойын түрінде кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әуен, теледидар, интерактивті тақта және әр педагог түрлі технологияларды қолданды.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттен соң балалар келген қонақтарға ән айтып, би билеп жақсы көңіл-күй сыйлады. Қорытындылау кезеңінде рефлексиялық талдау жасалды.
Өткізілген семинарда тәрбиеленушілердің физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру мақсатында үнемі үздіксіз жұмыстар жүргізілетіні байқалды.