Бүгін бөбекжайда «Мерейлі отбасы» атты отбасылық сайыс өткізілді. Мақсаты: Балабақша мен ата –аналар арасында ынтымақтастық орната отырып, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті,адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру.
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой.
«Мейірлі отбасы» сайысында,
Көрейік тамашаны, сергісін бой.
Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық.
Мейірімділік, татулық, достық, болмаса күллі әлем мағынасыз болып, зұлымдық билеп алар еді.
Өйткені ғаламдағы барлық нәрсе мейірімнен жаратылған.
«Мейірімді отбасы» дегенде, көз алдымызға уыздай ұйыған тату-тәтті, бақытты отбасы елестейтіні анық. Осы мейірімділіктің, татулықтың, бірліктің туын ұстаған отбасылар - деп жүргізуші ортаға үш отбасыны шақырды.Қатысушылар, сайыстағы тапсырмаларды балаларымен бірлесе орындап, отбасы татулықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысында жалпылама қорытынды жасалып, әділ қазылар алқасы номинациялар бойынша қатысушыларды марапаттады.