Текст
Сюжеттік-рөлдік ойын – баланың интеллектуалды дамуының құралы. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады», – деп Антон Макаренко айтпақшы, ұйымдастырылған іс әрекет процесінде, айналасындағы әлем, ересектер мен құрдастардың өмірі мен қызметі, отбасында алған білім, идеялар, дағдылар ойында тікелей көрініс табады және практикада қолданылады.