Текст
Қарттар күні-еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен,халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымыздың мерейлі төл мерекесі. Халқымызда "Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол"деген ұлағатты сөз бар. Даналықтың кілті болған ата-әжелеріміз аман болғай. Бүгін "Сұлу-Ай" бөбекжайында 1қазан Қарттар күніне орай қызметкерлер арасындағы үлкен ата-әжелермен кездесіп, құттықтау іс-шарасы өтті. Іс-шараға бөбекжай меңгерушісі м.а. А.Х. Идрисова жүрек жарды тілегін айтып,құттықтап, кәсіподақ төрайымы естелік сыйлықтар табыс етілді.Кішкентай бүлдіршіндер тақпақ,ән-би жырларын жолдап,кеш соңында Атамыз балаларға батасын берді,естелік сыйлықтар табыс етілді.