Текст
25 -қазан Республика күні ретінде бекітілді.Республика күні -нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын ,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл күй,Отанға деген патриоттық сезімін оятатын айтулы күн.Осы мереке қарсаңында бүгін "Сұлу-Ай" бөбекжайында "Республикам менің" атты мерекелік іс-шара атап өтілді. Мерекеміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен басталып, бүлдіршіндеріміздің Отанға,Туған жерге деп арнаған тақпақтары,әндерімен ,билермен жалғасын тапты.Еліміздің болашағы балаларымыздың аман болып, еліміз көркейіп,көк туымыз желбірей берсін!