Текст
30 қараша бөбекжайда қызметкерлер арасында "Зорлық зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараға Қосшы қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің Тайтөбе ауылына жауапты учаскелік полиция инспекторы , аға лейтенант Иссаев Ренат Рахимұлы шақырылып,ақпараттық мәліметтермен бөлісіп, әріптестердің сұрақтарына жауап берді. Видео роликтер көрсетіліп,жағдаяттарды шешу туралы ой пікірлері айтылып, сауалнамалар толтырылды.