"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Сулу-Ай" села Тайтобе при отделе образования по городу Косшы  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңашыл жас тәрбиеші

05.03.2024

«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»

ӘбуНасыр Әл-Фараби.

    Ұрпақ тәрбиесі –отбасынан басталады десекте, ғылымға негізделген әдіс –тәсілдермен берілетін белгілі бір бағыттағы тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, тәрбие мен мектептің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбиеде беріледі.Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы есте қаларлықтай із қалдырады емеспе.Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктер ашылып, олардың өнегелі және тәрбиелі болуына алғашқы амалдарды қалыптастырады. Сондықтан балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы деп ойлаймын.. Ал енді сол тәрбиені бағыттайтын жан кім-ол әрине тәрбиеші.

   Тәрбиеші-адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға.Тәрбиеші мамандығы –біліктілікті, икемділікті,шеберлікті,ерекшелікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық. Ол жандар талай бөбектің өсіп жетілуіне,үлкен өмірге қадам басуына үлес қосып келе жатырған жандар. Ал соның ішіндегі тәрбиеші мамандығын игеріп енді еңбек жолын бастап келе жатқан жас жаңашыл тәрбиешілердің де қатары жоқ емес, олардың еңбектері кейде ескерусіз қалып жатады. Соның бірі биыл ғана М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы» бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдап, біздің бөбекжайымызда тәрбиеші болып еңбекжолын алғаш келе жатырған жас маман Туртбаева Перизат Сайлаубековна туралы айтқанды жөн көрдім. «Сымбат» ересек тобының тәрбиешісі жас та болса жаңашыл, ізденімпаз, ақ жарқын мінезді Перизат Сайлаубекқызы өз еңбек жолын дәл біздің  «Сұлу-Ай» бөбекжайынан бастағанына қуаныштымыз. Қазіргі кезде аз уақыт ішіндеөз еңбекқорлығы мен мейірімділігінің арқасында әр баланың жүрегінің кілтін тауып келе жатырған тәрбиеші, бүгінде ұжымда сыйлы, әрбір іс-шараның бел ортасында жүретін, әр тапсырмалармен жұмыстарын үлкен жауапкершілікті сезіне орындап келе жатырған маманның бірі. Өзінің бар махаббатын балаларға шашып келе жатырған адам десекте аздық емес шығар. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, алдындағы әр баламен үздіксіз жұмыс жасап, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, нәтижесін көріп, ата-ана ықыласына да бөленіп отырады. Оның бір дәлелі әрбір өткізілген баламен жұмыстары, ұйымдастырылған іс-әрекеттері, мерекелік ертеңгіліктері, басқа да жұмыстары жоғары деңгейде өтіліп бағалануда. Бөбекжайымызда өткізілген «Қосшы қаласы жанындағы білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымының» және қаламыздағы балабақша тәрбиешілерінің қатысуымен, Қаңтар айында өткізілген қалалық семинарда Перизат Сайлаубекқызы «Ұлттық өнерді насихаттау» мақсатында ашық ұйымдастырылған іс –әрекетін жоғары деңгейді өткізді.Семинарға  келген әріптестердің мақтаулары мен алғысына бөленді. Жас болса да бас бола біліп үлкен қалалық семинарға қатысып өз тәжірибесін көрсету ол да бір батырлықпен, ізденіспен талапшылдықты қажет етеді. Перизат - жаны таза, нәзік,өз ісіне ұқыпты, адамгершілігі кең, эстетикалық талғамы жоғары, өз жұмысына жанашыр, ақыл-парасаты өзіңің көрегендігін айқындап тұратын, қанша жүрседе ізденісте креативті ойларын жеткізіп өсіп отыратын, мәдениеті  жоғары деңгейде десемде болатын жан. Әріптестерімен тату,керек жағдайда жаныңды да түсініп,көмек қолын созып отыратын, ешкімге жамандық ойламай, үнемі ашық жарқын мінезімен көңілді жүретін адам. Әріптесімізге осы жолынан таймай әрі қарай еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.! Бала тәрбиесі жолындағы еңбегіңіз үшін рахмет! Қанатыңыз талмасын жас маман!

  

  

 

 

 

 
Просмотров: 698


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст