Текст
"Көркем" ортаңғы тобының балалары жыл бойына алған білімдерін сюжетті-рөлдік ойындар арқылы қорытындылады.Сюжеттік-рөлдік ойын – эмоционалды-ерік және танымдық саланың, сөйлеудің, ұсақ моториканың бұзылуын түзетудің тиімді құралы. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға, еркін сөйлеп , өз ойын басқаға еркін жеткізе білуге тәрбиелейді.. Сонымен қатар, ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Сюжеттік-рөлдік ойын – балалардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі.