Текст
Мамыр айының 31 күні бөбекжайда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мен бақытты баламын» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Мерекеде балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Мереке соңында балалар көпіршіктермен ойнап, мерекені қызықты өткізді.