Елімізде мемлекет басшысы Еңбек күнін ресми түрде 2013 жылы бекіткен болатын.Ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланады.Бұл күні өзінің табандылығы және қажырлы еңбегімен нәтижеге қол жеткізетін адамдарды мақтан тұтып,үлгі етіп,атап өтуге керемет мүмкіндік бар.Еңбек күні Қазақстанда көптеген ұйымдарда атап өтіледі және көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.Оның басты мақсаты еңбек ұжымдарында еңбек өнімділігін ынталандыру,қарапайым жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру,оған жастардың назарын аудару.Сол мақсатпен біздің "Сұлу-Ай" бөбекжайының қызметкері,42 жыл еңбек өтілі бар,жылдар бойы өз адал еңбегінің жемісін жеп еңбек етіп жүрген жан Мухамбеткалиева Гулнара Мақсатқызы өз өміріндегі еңбек тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға еңбек жолындағы кеңестері мен ақылын айтып,адалдыққа, еңбексүйгіштікке шақырды.Өмірдегі басты ұстанымы әр адам өз еңбегін адал атқарып жақсы көру керек екендігін айтты.Гулнар Мақсатқызы ортамызда өте сыйлы, шыншыл, әділ, балаларды қатты жақсы көретін жан.Өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып келеді,осындай жандар талай жастарға үлгі болып бола біледі деп сенемін.Алдағы уақытта тек жақсылықтар тілейміз!